Windows 10 жүйесінде YubiKey-ді қалай теңшейді

Windows 10 жүйесінде YubiKey қалай теңшейді

Екі факторлы түпнұсқалықты растау үшін аппараттық қауіпсіздік кілттерін пайдаланып, сіз тіркелгіге кіру қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қосымша қауіпсіздік деңгейін аласыз. YubiKey-ді Windows 10-мен жұмыс істеу үшін оңай орнату үшін осы қадамдық нұсқауларды орындаңыз.

Талаптар

  • Microsoft Windows 10 Home, Pro, немесе Корпоративтік
    • (16097 нұсқасы 14393.321 немесе одан да жаңа нұсқасы керек)
    • Сіз Windows-тың қандай нұсқасын қолданатынызды білу үшін Windows батырмасын басыңыз R, батырмасымен бірге “Ашу” өрісінде, winver-ді жазыңыз да OK-ты басыңыз. “Мәліметтер ” диалогтық терезесі Windows 10-ның нұсқасын және құрастыру нөмірді көрсетеді.
  • YubiKey
  • CCID режимі сіздің YubiKey-де қосылуы керек
  • Пайдаланушының тіркелгісі (жергілікті немесе бұлттағы)
  • Жергілікті қауіпсіздік саясаты қосымша түпнұсқаландыру үшін серіктес құрылғыларды пайдалануға мүмкіндік беруі керек.
  • YubiKey-ді қолданатын пайдаланушыға PIN код орнатылу керек (міндетті түрде)

Windows Hello бағдарламасына YubiKey бағдарламасын жүктеңіз және орнатыңыз

  1. Windows Store-ден бағдарламаны табыңыз YubiKey for Windows Hello.
  2. Click Қабылдау.
  3. Орнату аяқталғаннан кейін, басыңыз Іске қосу.

Windows Hello for YubiKey қолданбасына кіру үшін

  • Мәзірден Бастау, тандаңыз All Apps >Start > YubiKey for Windows Hello

YubiKey for Windows Hello қолданбаны жою үшін

Қолданбаны жою алдында барлық YubiKey кілттерін тіркелуден алып тастағанынызға қөз жеткізініз.

  1. Бастау мәзірінде YubiKey for Windows Hello бағдарламаға өтіңіз.
  2. Қолданбаға тінтуірдің оң жақ түймешігін басып Жою, таңдаңыз.
  3. Диалогтық терезелер бойынша жасаныз. Қажет болса, компьютерді қайта іске қосыңыз.

Жергілікті қауіпсіздік саясаты параметрлері, көмекші құрылғыларды пайдалануға рұқсат беру үшін

Windows Pro немесе Windows Enterprise бен басқарылатын жүйелеріне, сізге “Көмекші құрылғыны қосымша аутентификациялау үшін пайдалану” опциясын қосу керек, Жергілікті қауіпсіздік саясаты бөлім параметрлерінде . Егер сіздің қауіпсіздік саясатыныз ұйыммен басқарылатын болса, жүйе әкімшісіне хабарласыңыз және бағдарламаны орнатпас бұрын жергілікті қауіпсіздік саясаттарын өзгертуді сұраңыз. Windows Home іске қосылған жүйелерде, жергілікті қауіпсіздік саясаттарын өзгерту мүмкін емес, бірақ бұл параметр әдепкі бойынша қосылады.

Жергілікті қауіпсіздік саясатын өзгерту үшін

  1. Ашыңыз Жергілікті топтық саясат редакторы . Ол үшін Windows батырмасын басып, R бысыңыз, содан кейін gpedit.msc теріп, OK батырмасын басыңыз.
  2. Жергілікті топтық саясат редакторында
    Компьютер конфигурациясы > Административтік үлгілер > Windows компоненттері > Microsoft қосымша аутентификация факторыне өтіңіз
    .
  3. Оң жақ бөлікте, Саясат параметрлерін өзгерту сілтемесін басыңыз. (Сондай-ақ, екі рет басып ” Көмекші құрылғыны қосымша аутентификациялау үшін пайдалану..” опциясын аша аласыз) Әдепкіде бұл параметр ” Орнатылмаған ” мәртебеге ие.
    • Егер опция «Белгісіз» немесе «Қосылған» ретінде көрсетілсе, онда ешқандай өзгерту қажет емес. Болдырмау батырмасын басыңыз.
    • Егер опция «Өшірілген» ретінде көрсетілсе, келесі элементті жалғастырыңыз..
  4. Параметрлер экранында Қосулы опциясын таңдап, OK батырмасын басыңыз..
  5. Жергілікті топтық саясат редакторы және Әкімшілігі жабыңыз.

Ескертулер

  • Бұл бағдарлама тек сіздің жүйеңізді ашу үшін қолданылады — тіркелгіге кіру үшін жұмыс істемейді (күту / ұйықтау режимінен шығу үшін тіркелгіге кіру қажет).
  • Бұл бағдарлама әр тіркелгіге төрт YubiKey-ге дейін тіркеуге мүмкіндік береді.
  • Сол бір YubiKey-ді жүйедегі бір тіркелгіден артық тіркелгіге тіркеуге мүмкіндік жоқ.
  • Біз бұл қолданбаны тек бір пайдаланушы Windows конфигурациясымен ғана пайдалануды ұсынамыз; қосымша бірнеше пайдаланушыларды қолдамайды.

Белгілі мәселелер

  • Yubico Authenticator орнатылған құпия сөзімен. Сіз YubiKey-ді жүйенің құлпын ашу үшін пайдалана алмайсыз, егер сіз құпия сөз орнатылған Yubico Authenticator бағдарламасын пайдалансаңыз. Дегенмен, Yubico Authenticator ашық болғанда және парольді растасаныз сіз YubiKey-ді тіркей аласыз.
  • YubiKey-дін міндетті талабы. Қазіргі уақытта YubiKey жүйесін жүйенің құлпын ашуды талап етуге мүмкіндік жоқ — сіз жүйеге әрқашан өзініздін PIN немесе құпия сөз арқылы кіре аласыз.
  • Барлық кілттерді жою. Егер сіз барлық YubiKey кілттерін жойсаңыз, бірақ қосымшаны жоймаған болсаңыз, онда жүйенің құлпын ашу үшін әлі де кілт қажет болады.
    Бұл мәселені шешу үшін бағдарламаны жойыңыз.
  • Кілтті жою. YubiKey кілтін жойатын болсаныз, бірақ кілт жүйеге байланысты болмаса, бұл екі OATH есептік жазбасын жасауға әкеледі. Сізге оларды Yubico түпнұсқалықтың бұрынғы нұсқасы (2.3.0 немесе одан бұрынғы) арқылы жою керек, немесе OATH апплетін баптауын қалпын келтіру керек (ykneomgr немесе opensc-tool пәрмен жолы утилитасын пайдалану арқылы).
  • YubiKey-де OATH апплетін баптауын қалпына келтіру. Егер сіз OATH апплетін YubiKey-ге қалпына келтіру үшін, opensc-tool утилитасын немесе ykneomgr пәрмен жолында пайдалансаңыз, осылайша сіз YubiKey for Windows Hello қосымша үшін тіркелген, барлық тіркелгі деректерін өшіресіз.

FAQ: Жиі қойылатын сұрақтар

  • Мен YubiKey-ді YubiKey for Windows Hello бағдарламасына арналған қосымшасын пайдаланғым келген кезде, неге қателік шығады?

Бұл жергілікті қауіпсіздік саясатының параметрлері көмекші құрылғыларды пайдалануға мүмкіндік бермегендіктен болуы мүмкін (тек Windows Pro немесе Windows Enterprise жүйесі бар жүйелерге қолданылады). Жергілікті қауіпсіздік саясатын өзгерту үшін, алдыңғы бөлімдегі элементтерді қараңыз.

Сізді естуге қуанышты боламыз

3 + 11 =